Жайлау күні

Жайлау күні

Биыл Наурыз мейрамын Қазақстанда 14-22 наурыз аралығында тойлау ұсынылды. Тоғыз күннің әрқайсысында белгілі бір тақырып бекітілді. Бүгін Арқалық политехникалық колледжі жайлау күнің қарсы алды.

Колледждің мәжіліс залы нағыз жайлауға айналды, онда жасыл шалғында сәнді киіз үй көрсетілді, "алтыбақан" махаббат әткеншегінде жастар жұптасып ән шырқады, бірнеше бала шалғында асық ойнады, киіз үйде самауырын  қайнап жатты, ал қазанда Наурыз көже пісірілді.

Педагогикалық және студенттік ұжымның ортақ күшімен табиғат күнінің мәнін ашқан театрландырылған қойылым ұйымдастырылды, атап айтқанда, табиғат аясындағы өмір қазақтардың көшпелі дүниетанымының бір бөлігіне айналды, сондықтан күнді табиғатта өткізу маңызды, аумақты абаттандыруға көңіл бөле отырып, бұл экологиялық, зияткерлік сананың дамуына және өскелең ұрпақтың денсаулығын жақсартуға ықпал ететін болады