Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат 03.03.2021

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат 03.03.2021

2021 жылғы 3 наурызда Қостанай облысында COVID-19-дың 61 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,48 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қаласының 34 тұрғыны, Рудный қ. - 5, Лисаковск қаласы және Қарасу ауданында 4-ден, Б.Майлина, Жітіқара және Қостанай аудандарында 3-ден, Сарыкөл ауданында -2, Арқалық қаласы, Қамысты және Денисов аудандарында 1-ден.
39 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 17 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 5 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 47 адамда ауру белгілері болды, 14 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 3 наурыз аралығында COVID-19-дың 12558 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 11150.