Қазақстан Covid-19 ауруы бойынша «жасыл аймақта» тұр

Қазақстан Covid-19 ауруы бойынша «жасыл аймақта» тұр

Бүгін 24 ақпанда Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың, ҚР ДСМ СЭБК вакциналанатын инфеекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаеваның, ҚР ДСМ «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК сарапшысы Сәуле Бүркітбаеваның қатысуымен брифинг өтті. Спикерлер елдегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай жайлы айтты.

«Қазақстан  екі апта бойы «жасыл аймақта» тұр. Бүгінде ешбір өңір «қызыл аймақта»қалған жоқ. Сары аймақта 5 өңір- Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Қалған 11 өңір  жасыл аймақта», - деді Е.Қиясов.

Қазақстанда  198 086 науқастан Covid-19 анықталған және 48 388 коронавирус инфекциясы жағдайы тіркелді. КВИ+ диагнозымен 179 277 науқас және КВИ жұқтырған  37 998 пациент сауығып кетті. Соңғы екі аптада КВИ сырқаттанушылық деңгейі 1,2 есеге төмендеді (8053-тен 6458  дейін).

Коронавирус инфекциясына қарсы екі кезеңді вакцинация жалғасуда және жоспар бойынша жүргізілуде.Е.Қиясовтың айтуынша, 20 157 адам «Спутник -V» вакцинасының алғашқы дозасын қабылдады. 22 ақпаннан бастап екінші кезеңде 2 137 адам егу салдырды. Алайда жағымсыз реакция тіркелген жоқ.

Биыл 25 ақпан мен 4 наурыз аралығында Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген 90 мың доза вакцина  өңірлерге жеткізіледі. Сонымен медицина қызметкерлерін вакцинациялау аяқталады да, педагогтарға екпе салу науқаны басталады.

Айта кетейік, вакцинация еліміздің барлық өңірінде жүргізіледі. 786 егу пунктінің 170-і жұмылдырылды. Олардың барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. 9 мыңнан астам медицина қызметкері вакцинациядан өтті.

«Вакцинациядан қорғаныс әсері, яғни коронавирусқа қарсы антиде алғашқы дозадан кейін 12-14 күнде байқалады. Толық иммунитетті қамтамасыз ету үшін 21 күндік аралықпен екі компоненттен тұратын вакцинация курсын алу қажет. Дененің толық иммундық реакциясы вакцинация басталғаннан кейін кесте бойынша 1,5 айдан соң пайда болады, сондықтан вакцинацияланғандар алдын алу шараларын сақтау керек», - деді Е.Қиясов.

Сонымен қатар, Бас санитарлық дәрігер елімізде 65 жастан асқандарды вакцинациялауға рұқсат етілгенін айтты. Ал созылмалы ауру, аллергиялық реакция және басқа да қарсы көрсеткіштер болса, вакцина салынбайды.