Арқалық қалалық мәслихат депутаттары сайлауының кезекті жетінші шақырылымының қорытындысы туралы хабарлама

Арқалық қалалық мәслихат депутаттары сайлауының кезекті жетінші шақырылымының қорытындысы туралы хабарлама

2021 жылдың 10 қаңтарында біріңғай сайлау округі бойынша Арқалық қалалық мәслихатының кезекті сайлауы болды.

Қала бойынша тізімге 25 348 азамат енгізілді, оның 20 000 адамы немесе 79,80 пайызы  сайлау бюллетенін алды.

Дауыс беруге  19 958 адам қатысты, оның 26 сайлаушысы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері бойынша, 235 сайлаушы дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берді.

Сайлауға 3 саяси партия қатысты.

Дауыс беру барысында саяси партияларға  төмендегі дауыс саны берілді:

«Nur Otan» Партиясына  - дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 15 565 немесе 79,20 пайызы дауыс берді;

Казахстанның «Ақ жол»Демократиялық Партиясына - дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 2 306  дауысы немесе  11,73 пайызы дауыс берді;

 «ADAL» Саяси партиясына  - дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың           1 783 дауысы немесе  9,07 пайызы  дауыс берді;

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың есебінен жеті немесе одан көп пайыз дауыс жинаған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды бөлу анықталды:

 

«NurOtan»Партиясы- 9;

Казахстанның «Ақ жол»Демократиялық Партиясы» - 1;

«ADAL» Саяси партиясы - 1 мандат.

 

 

 

Арқалық қалалық сайлау комиссиясы