Е.Қиясов сайлауда сақталуы тиіс санитарлық талаптар туралы айтты

Е.Қиясов сайлауда сақталуы тиіс санитарлық талаптар туралы айтты

Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауда коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі талаптарды сақтау жөніндегі қаулының негізгі ережелері туралы айтты.

 

«Бүгін азаматтар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарына дауыс беруде. Сайлау барысында Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітілген коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу алгоритмі сақталу қажет», -деді Е.Қиясов.

 

Алгоритмде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына шектеу жолдары қарастырылған: сайлау комиссиясының қызметін ұйымдастыруда, сайлау учаскесінде дауыс беру процесінде, сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру барысында, сайлау учаскесінде дауыс санағанда, бақылаушылар мен сенімді тұлғаларға қойылатын талаптар, сайлаушыларға қойылатын талаптар.

 

Дауыс беруге арналған нысанда әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс. Әрбір сайлау учаскесінде: сайлау учаскесіне кіре берісте термометрмен келушілердің  температурасын өлшеу; сайлаушылардың жүру бағытын көрсететін белгілер қою; сайлау комиссиясы мүшелері  3 сағат сайын маска ауыстыруы тиіс; қолды дезинфекциялауға арналған санитайзерлер болуы керек; кіре берісте және шыға берісте пайдаланылған жеке қорғаныс құралдарын жинауға арналған контейнер болуы тиіс; келушілердің дене температурасы көтерілген (37ºС жоғары) жағдайда, адамды оқшаулауға арналған жеке кабинет қажет.

 

«Бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің орналасқан жері әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, кемінде 1,5 – 2 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Дауыс беру барысы, дауысты санау рәсімдері анық көрінеді», - деді Е.Қиясов.

 

Сайлау комиссиясының мүшелері, бақылаушылар, сенімді тұлғалар  сайлау учаскесінде маска режимін сақтауы тиіс 3 сағат сайын масканы ауыстырып, ішке кіргенде қолды тазалау қажет, қол алысып амандасуға және келушілермен жақын байланыс орнатуға болмайды, сайлау комиссиясына кірерде қолды антисептикалық сұйықтықпен тазалау, сайлау комиссиясы нысанын ылғалды тазалау, жиһаз бен техникалық жабдықты бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр қашықтықта орналастыру қажет.

 

Сайлау комиссиясының мүшелеріне маска мен қолғап жеткілікті болуы тиіс, әр үш сағат сайын маска ауыстырылады, кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау, сайлау учаскесінің жұмысы басталар алдында және аяқталғанда дауыс беруге арналған кабиналарды тазалау, сайлау бюллетеньдерін  таратқанда тікелей байланыс орнатуға болмайды. Сайлаушылар жеке басын куәландыратын құжатты сайлау комиссиясының мүшесіне ашып көрсетеді, бірақ қолына бермейді.

 

«Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 2021 жылғы 5 қаңтардағы жағдай бойынша тәуекелі жоғары және орташа аймақтарда (қызыл және сары аймақта) болған сайлау комиссиясының барлық мүшесі, бақылаушылар, өңірлердегі сенімді адамдар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтті», -деді Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер.

 

 Мекемелерді аралап жүріп дауыс жинайтын сайлау комиссиясының мүшелері жеке қорғаныс құралдарымен (бір рет қолданылатын халат, маска, қолғап, антисептикалық сұйықтық) қамтамасыз етілуі тиіс. Жеке қорғаныс құралдарын қайта пайдалануға болмайды.  Көрсетілген жеке қорғаныс құралдары жақсы  жабылатын контейнерге салынуы тиіс.

 

Сайлаушыларға қажет болған жағдайда жеке қорғаныс құралдары беріледі. Жәшікті сайлаушыға дейін немесе одан кейін дезинфекциялау қажет. Сайлаушының жеке басын куәландыратын құжат учаскелік сайлау комиссиясының мүшесіне қолына берілмейді, бірақ көру үшін ашық түрде ұсынылады.

Әрбір сайлаушыдан кейін тасымалданатын жәшік дезинфекцияланады.

 

Учаскелік комиссияның дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларын қабылдау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет. Дауыс беруге арналған стационарлық және тасымалданатын жәшіктерді ашар алдында дезинфекциялау міндеттеледі.

 

Сайлау учаскесіне келген сайлаушыда медициналық немесе қорғаныс маскасы және антисептикалық зат  болуы керек. Бюллетень алғанда жеке басты куәландыратын құжатты комиссия мүшесінің қолына бермеу керек, құжатты  ашып көрсету керек.

 

Дауыс беруге өз қаламыңызды ала келіңіз, болмаған жағдайда сайлау комиссиясы берген қаламды пайдаланыңыз. Дауыс беруге бала ертіп келуге тыйым салынады.