2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 “Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғарғы оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы” Елбасы Жарлығын іске асыру мақсатында 2021 жылғы 04 ақпан күні сағат 10.00-де Жасөспірімдер театрында Арқалық қаласының әкімі Қ. Әбішевтің тұрғындармен есеп беру кездесуі өтеді.
Қала әкімінің есеп беру кездесуі барысында 2020 жыл бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады және алдағы кезеңге арналған даму келешегі анықталады.
Есеп беру кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстар мен ескертулер, оларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына енгізілетін болады.
Тұрғындардың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлері, сұрақтары жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, (13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс) 8(714-30) 7-02-32, 4-90-67 телефондары арқылы қабылданады. Сондай-ақ қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы http://arkalyk.kostanay.gov.kz, Call-орталық: 8 701 523 00 31, 8 700 7255878 телефондары арқылы қабылданады. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлеріне арналған жәшік Арқалық қаласы әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында Абай даңғылы, 29 мекен жайында орнатылған. Қабылданған барлық ақпарат міндетті түрде назарға алынып, қала әкімінің есепті баяндамасында өз орнын табатын болады.