
АНОНС
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы
«Арқалық қаласы әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілетінін хабарлайды.
Жария талқылау барысында жүргізілген талдаудың негізгі нәтижелері, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, олардың туындау себептері мен жағдайлары, сондай-ақ оларды жою және барынша азайту жөніндегі ұсыныстар таныстырылады.
Күні: 2026 жылғы 18 маусым
Уақыты: сағат 10:00
Өтетін орны: Абай даңғылы, 29, 2-қабат, мәжіліс залы.
Жария талқылауға мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, азаматтық қоғам институттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қала тұрғындары шақырылады.