
Арқалық қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері, Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Арқалық қаласы филиалымен бірлесіп Демченко көшесі бойында орналасқан дүкенінің кәсіпкерлермен көшпелі семинар өткізді, оның барысында Бақылау-кассалық машиналарды қолдану, мемлекеттік қызметтер көрсету, сондай-ақ салық заңнамасы мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.