Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыру

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыру

«Арқалық қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік мекеме қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілетінін хабарлайды.

Жария талқылау мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қарау және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесіне қоғам өкілдерін тарту мақсатында өткізіледі.

📅 Өткізу күні: 2026 жылғы 19 маусым
🕒 Өткізу уақыты: сағат 15:00
📍 Өткізу орны: «Арқалық қаласы әкімінің аппараты» ММ, мәжіліс залы  

Жария талқылауға қоғам өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар және барлық мүдделі азаматтар шақырылады.