Қостанай облысындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

12 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 53 жағдайы тіркелді.

Науқастар: Қостанай қаласының - 29, Рудный қаласының - 8, Арқалық қаласының - 2, Әулиекөл ауданының - 4, Федоров ауданының - 4, Қостанай ауданының - 2, Жітіқара ауданының - 2, Қамысты ауданының -1, Сарыкөл ауданының 1 тұрғыны.

34-і өзі жолығуы бойынша, 11-і эпидемиологиялық қадағалау мақсатында, жоспарлы емдеуге жатқызу алдында, 8-і коронавирустық инфекцияның расталған жағдайымен байланыс бойынша тексерілді.

Жұқтырғандардың ішінен 33-інде ауру белгілері бар, 20-ы симптомсыз.

Қостанай облысы бойынша 03 сәуірден 12 қарашаға дейін барлығы COVID-19-дың 4160 жағдайы тіркелген, 3356 адам сауығып шығарылды.