Көлік салығы

Көлік салығы

Арқалық қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2025 жылға көлік құралдар салығын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 1 сәуірінде аяқталғандығын еске салады.

Жеке тұлғаларға  салық төлеу тұрақты тіркелген тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.

Салық бойынша қарыздарды қарауға және төлеуге, сондай ақ ағымдағы төлемдерді «Салық төлеушілер кабинеті» web-қосымшасында, мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталында, ҚР egov.kz электрондық үкіметінде, екінші деңгейлі банктердің (Kaspi.kz, Homebank) қосымшаларында  және  eSalyq Azamat мобильді нұсқасын Плэй маркет немесе эйп стор қосымшасынан жуктеу арқылы жүргізуге  болады.

Салықтарды уақытылы төлемеген жағдайда, қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселі көлемінде өсімпұл есептелетінін және мемлекеттік кірістер органдары заңнамада белгіленген салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі шараларды қолданаданатындығын еске саламыз.

Сондай – ақ, электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген жеке тұлғалар Хабарлама мен Салық бұйрығын  электрондық арна арқылы алатынын атап өтеміз.