«Үздік қызмет көрсетуші» конкурсының қорытындылары

«Үздік қызмет көрсетуші» конкурсының қорытындылары

ММ «Арқалық қаласы әкімінің аппараты» ведомстволық бағынысты ұйымдар арасында өткен «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсының қорытындылары туралы хабарлайды. Конкурстың мақсаты – мемлекеттік қызметтердің сапасы мен сервистік деңгейін арттыру, клиентке бағдарланған тәсілді дамыту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы үздік тәжірибелерді анықтау және ынталандыру.

Өткізілген бағалау нәтижелері бойынша ең жоғары баллды Арқалық қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің мемлекеттік бағдарламаларды мүгедектігі бар адамдарға іске асыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету секторының сектор меңгерушісі мен бас маманы иеленді.

Қорытынды нәтижелерге сәйкес Абенов Тасболат Қабдрахманұлы және Бейсова Айдана Сапабекқызы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының жоғары деңгейі және клиентке бағдарланған сервисті дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.