Ауылдарда антенна–мачта діңгектерін орнату жұмыстары аяқталды

Ауылдарда антенна–мачта діңгектерін орнату жұмыстары аяқталды
Биіктігі 30 метр болатын антенна – мачта діңгектерін орнату жұмыстары биылғы жылы қаламызға қарасты үш ауылда аяқталып, пайдалануға берілді. Олар Молодежный, Екідің және Әбдіғапар хан ауылдары. Осының нәтижесінде ауылдарда Beeline 4 G деңгейлі интернеті жұмыс жасап тұр. 1 мың 400 адамға жуық тұрғыны бар Молодежный , Жалғызтал , Целинный, Екідің , Әбдіғаппар хан және Қайыңды секілді 6 ауылдық елді мекен сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз етілді. Ауылдарда сапалы интернет болуы үшін осындай антенна – мачта діңгектерін орнату жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.