2020 жылдың 13 қазанында Арқалық қаласына "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек келді.

         Қала тұрғындарымен кездесу барысында "Nur Otan" қалалық сайлауалды бағдарламасының жобасы талқыланды.⠀

         Сондай-ақ, тұрғындармен кездесу барысында аула алаңдарын абаттандыру және қала көшелерін жарықтандыру, білім беру және денсаулық сақтау нысандарын, жолдар мен инженерлік желілерді жөндеу, ұялы байланыспен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, жоспарлы жабылуына байланысты Торғай боксит кеніш басқармасының жұмыстан босатылған қызметкерлерін жұмысқа орналастыру мәселесі көтерілді.

         Кездесуден кейін Бауыржан Байбек облыс әкімі А. Мұхамбетовпен бірге Арқалық өңірлік ауруханасының ұжымымен кездесті. Одан әрі "Торғай Ет" ет өңдеу кешенінің өндірістік алаңын аралап көрді. Сондай-ақ Арқалық ЖЭО-ның мазуттан көмірге ауысуына байланысты қаланың жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту жұмыстарымен  танысты.