Абай даңғылы бойындағы тұрғын үйлер ауласында бұқаралық спортты дамыту аясында жаңа спорт нысанының ашылуы

Абай даңғылы бойындағы тұрғын үйлер ауласында бұқаралық спортты дамыту аясында жаңа спорт нысанының ашылуы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында,қаламызда кезекті спорттық нысан пайдалануға берілді. Абай даңғылы 66, 68 және 70-ші тұрғын үйлердің жанынан ұзындығы 30, ені 15 метр болатын шағын футбол алаңы мен 10 дана көше тренажерлары ашылды. Бұл спорттық нысанды салуға 17 млн 416 мың теңге қаражат жұмсалды.
Осы мақсатта 2021 – 2024 жылдар аралығында 484 млн. теңгеге жуық қаражатқа қаламызда барлығы 43 спорттық алаң орнатылып отыр.