Арқалықта көпқабатты үйлер ауласында жаңа спорттық нысан ашылды

Арқалықта көпқабатты үйлер ауласында жаңа спорттық нысан ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында,қаламызда тағы бір спорттық нысан пайдалануға берілді. Абай даңғылы 104, 106 және 110 -ші тұрғын үйлердің жанынан ұзындығы 30,ені 15 метр болатын шағын футбол алаңы мен 10 дана көше тренажерлары ашылды. Бұл спорттық нысанды салуға 17 млн 416 мың теңге қаражат жұмсалды.
Осы мақсатта 2021 – 2024 жылдар аралығында 484 млн. теңгеге жуық қаражатқа қаламызда барлығы 43 спорттық алаң орнатылып отыр.