Арқалық орталық саябағында алғашқы заманауи спорт алаңының ашылуы

Арқалық орталық саябағында алғашқы заманауи спорт алаңының ашылуы

Орталық "Демалыс" саябағында ұзындығы 25, ені 10 метр болатын, тартанды төсеніші бар теннис алаңы мен 12 дана тренажерлары бар, кәсіби дене жаттығуларын жасауға арналған, күштік жаттығу алаңы пайдалануға берілді. Спорттық нысанның ашылу салтанатында қала әкімі Әмірхан Асанов қаламызда қоғамдық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жасалып жатқан жұмыстар жайын тілге тиек етті.
Айта кетсек, мұндай теннис алаңы да, саналуан күштік жаттығу құрылғылары бар тренажерлық алаң да қаламызда алғаш рет ашылып отыр.