«Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есебі
1. Жалпы ережелер
|
||
1)Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер |
1. «Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. «Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ. 3. «Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. |
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны; |
5 |
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны; |
228 |
|
в том числе: |
||
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны; |
105 |
|
«Электронды үкімет» порталы |
19 |
|
Е-лицензиялау порталы |
104 |
|
3 Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат. |
Барынша талап етілетін көрсетілетін қызметтер: 1. Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру. 2. Құрылыс және қайта құру жобаларын әзірлеу кезінде (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) бастапқы материалдармен қамтамасыз ету /сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық жағдайлар/ 3.Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды ұсыну. 4. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру |
|
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
|
||
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер. |
Арқалық қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына, Тізілімге сілтемелер бар жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, Арқалық қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, стандарттар, әкімдіктің мемлекеттік қызмет берушінің байланыс телефондары арқылы сіз қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ала аласыз. Бөлімнің фойесінде мемлекеттік қызметтер көрсету ережелері, стандарттары, ақпараттық-анықтамалық материалдар орналастырылған, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін жауапты мамандар бекітілген. |
|
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат. |
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне жария талқылаулар өткізу жатпайды. |
|
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар). |
2020 жыл ішінде бөлімде мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге қатысты кеңес өткізілді. |
|
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
|
||
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды ұсыну сапасына оң әсер етуде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процедурасы жеңілдетілді, мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде мерзімдер мен әкімшілік кедергілер азайды. |
|
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар. |
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында қазіргі заманғы тақырыптармен айналысатын құқықтық жалпыға бірдей білім беру сабақтары өткізіледі. |
|
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау |
||
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша). |
Есеп беру кезеңінде қызмет алушылардан бөлімге мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ және қаралмады. |
|
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері. |
Есеп беру кезеңінде қызмет алушылардан бөлімге мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ және қаралмады. 2020 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізілмеген. |
|
3)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері. |
2020 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізілмеген. |
|
4)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері. |
Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетушілерінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілмеген. |
Басшының м.а У.Абдибеков