Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және ұлттық стандарттарға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар халықтың қозғалуы шектеулі топтарына және мүгедектігі бар адамдарға ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiр жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына жағдай жасауға мiндеттi.
Мүгедектігі бар адамдар үшін нысанның қол жетімділігіне қойылатын негізгі талаптар:
1) Құрылыс нормалары мен ережелеріне немесе көтергіш құрылғысына сәйкес пандустың болуы міндетті;
2) Пандус биіктігінің ұзындығына қатынасы 1:20 м, ерекше жағдайларда тар жерлерде 1:12, пандус ені 1,2 м кем болмауы тиіс;
3) Пандусы бар кіру алаңының өлшемдері 2,2 м × 2,2 м кем болмауы тиіс;
4) Барлық сатылар мен пандустардың екі жағында тұтқалардың болуы қажет;
5) Пандустар тұтқаларын, әдеттегідей, 0,7 м - 0,9 м биіктікте, ал баспалдақтардікін - шамамен 0,9 м биіктікте, ал балалар келуі ықтимал жайларда - шамамен 0,5 м биіктікте орнату керек;
6) Пандустар маршының бойлық шеті бойынша биіктігі кемінде 0,05 м, ал таяқтың немесе аяқтың сырғанауының алдын алу үшін биіктігі 0,45 м астам деңгей айырмасы кезінде көлденең үстіңгі бет жиегінің бойына борттар қарастыру керек;
7) Қабырғаларға жанаспайтын баспалдақтардың бүйірлік шетінде биіктігі кемінде 0,02 м борттар болуы тиіс.
8) Ғимараттың сыртқы есік табалдырықтарының биіктігі 1,4 см аспауы тиіс;
9) Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді кіру есігінің ені 0,9 м кем болмауы тиіс, екі жақты есіктерде бір жұмыс жармасы бір орынды есіктерге талап етілетін ені болуы тиіс;
10) Келушілердің есептік саны 50 және одан көп адам кезінде немесе келушілердің ғимаратта болуының есептік ұзақтығы 60 мин және одан жоғары кезде кез-келген қоғамдық ғимараттарда әмбебап кабинасы бар санитарлық торап қарастырылуы керек. Жалпы пайдаланатын санитарлық тораптардың әмбебап кабинасының көлемінің ені - кемінде 1,65 м, тереңдігі - кемінде 2 м болуы тиіс. Унитазбен қатар кабинаға киім, балдақ және басқа да заттар үшін ілмек, санитарлық торапқа шақыру түймесі үшін тұтқалар қарастыру керек.
11) Баспалдақ марштары, есік ойықтары алдындағы, сондай-ақ коммуникациялық жолдар бұрылысының алдындағы қашықтықтағы қозғалыс жолдарының еден учаскесінде ескертпе кедір-бұдыр және/немесе марштың, ойықтың барлық енінің қарама-қарсы түске боялған үстіңгі беті болуы тиіс. Көру бойынша шектеулері бар адамдардың қозғалыс жолдарында қозғалыс жолдарының рельефтік тактильді белгілерін көздеу керек, саңылаулардың мөлдір төсемдерінде биіктігі 0,1 м кем емес және ені 0,2 м кем емес ашық қарама-қарсы таңбалауды көздеу керек.
12) Халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қол жетімді кіру есігіне жақын орналасқан «Мүгедектігі бар адам» деген белгілері бар көлік құралдарына арналған тұрақ орындары болуға тиіс.
Әкімшілік жауапкершілік
Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етпегені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік шарасы қарастырылған.
Лауазымды тұлғаларға (мемлекеттік құрылым басшыларына) қатысты айыппұл сомасы 50 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 120 АЕК; орта кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК құрайды.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс - әрекет (әрекетсіздік) - лауазымды адамдарға - 80 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 250 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 600 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласуға болады:
«Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, тел. 8 (71430) 7-06-68.
эл. мекенжайы: arksots@mail.kz