
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Белградқа ресми сапары аясында Сербия Президентімен екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген форматта келіссөздер өтті.
Қазақстан Президенті Александр Вучичке тет-а-тет форматындағы мазмұнды әңгіме және қазақ тарапына көрсеткен қонақжайлылығы үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде Сербия президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сапары үшін ризашылығын білдіріп, оның екіжақты қатынастарды одан әрі тереңдету үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Ол өңірде және жаһандық аренада бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға негіз болатын өзара тиімді байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Мемлекет басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударды.
Президенттер соңғы жылдардағы екіжақты тауар айналымының өсуін оң бағалады. Сонымен қатар, әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық жағдай одан да тығыз ынтымақтастықты қажет ететіні атап өтілді.
Тараптар екіжақты тауар айналымын одан әрі ұлғайтуға және жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейтуге өзара мүдделілік білдірді. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транзит және логистика, қорғаныс-өнеркәсіп кешені, цифрландыру, телекоммуникация және аэроғарыш салаларында зәкірлік бірлескен жобаларды ілгерілету үшін қолда бар кең мүмкіндіктер мен ресурстар қарастырылды.
Көлік инфрақұрылымының өзара байланысын дамыту мен әртараптандырудың маңыздылығы, оның ішінде астаналар арасында тікелей әуе рейстерін ашу мүмкіндігі атап өтілді.
Екі елдің президенттері білім, ғылым, денсаулық сақтау, туризм, жасанды интеллект салаларында практикалық өзара іс-қимылды жолға қоюға ерекше назар аударды.
Мемлекет басшылары сапар аясында қол қойылған екіжақты құжаттар қазақ-серб ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге толық ықпал ететініне сенім білдірді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының қатысуымен қол қойылған құжаттармен алмасу рәсімі өтті.
Қазақстан Президентінің Сербияға ресми сапары аясында келесі құжаттарға қол қойылды: