Кулмаганбетов Болат Султанович 17ші желтоқсан 1961 жылы Амангелді ауданының Байғабыл ауылында туылған.5 баласы, 14 немересі бар.
Оқу орны- 1979-1984 жылы Алматы қаласындағы Мал дәрігерлік институтындабілім алған мамандығы – мал дәрігері.
1984-1985 жылы Арқалық ауданында ветеринарлық станцияда мал дәрігері болып қызмет атқарды.
1986-1996 жылдар аралығында Алуа ауылында бас мал дәрігері (Зоотехник) болып қызмет атқарды.
1996 жылы Ашутасты ауылына қоныс аударып Арқалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының Мал шаруашылығы цехына бригадир болып жұмысқа орналасты. Әр жылдары осы ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының мал шаруашылығы фермасында бас мал дәрігері, көп жылдар бойы мал шаруашылығы цехының басшысы болып қызмет атқарады.
2021 жылы Алғыс хат –Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай «Ауыл шаруашылығы филиал қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай Облысы бойынша филиалы марапаттады. Еңбек Адамының мүддесін қорғау мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы жемісті еңбегы үшін.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша - «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталды.