Аудандық "Жалын 2024" спартакиадасы

Аудандық "Жалын 2024" спартакиадасы

Үрпек ауылының жастары аудандық “Жалын-2024” спартакиадасында спорттың 12 түрінен бақ сынасты. Еркін күрес, дзюдо, қазақ күресі, гір тасын көтеру, жеңіл атлетика, стол теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, мылтық ату, асық ату, көкпар, аударыспақтан болған бәсекелерге 62 спортшы қатысып, жалпы есепте 88 ұпай жинап жүлделі 3- орынға ие болды. Үрпек ауылының үмітін арқалаған спортшылармен бапкерлерге үлкен алғыс білдіреміз!