Тыл ардагерлеріне құрмет

Тыл ардагерлеріне құрмет
ТЫЛ- ЖЕҢІСТІҢ ЕКІНШІ МАЙДАНЫ
⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️
 Тыл еңбеккерлері- майдандағы жеңістің сенімді тірегі. Олардың ерен еңбегі мен төзімі ұрпақ жадында мәңгі сақталмақ. Бұл- ата-бабамыздың ерлігіне деген тағзым мен ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі.
 Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, " AMANAT" партиясының Амангелді аудандық филиалы ауылымыздың Тыл ардагерлері Қошанова Үрпия Достиярқызы, Қалешова Мария апа, Қабылдин Мейрамхан ата, Жухин Бақытжан ата мен жұбайы Жухина Бибісара апалардың үйлеріне барып, айтулы мерекемен құттықтап, мерекелік медаль мен сый-сияпаттар табыстады. Елі үшін, ұрпақтары үшін жасаған ерен еңбектеріне алғыс айтып, ыстық лебіздерін білдірді.
 Мерекелік құттықтауға " AMANAT" партиясының Амангелді аудандық филиалының төрағасы Марал Досымов, "Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ басшысы Айтжан Ибраев, Аудандық мәслихат депутаты Мэлс Бөжентаев, Қарасу ауылдық округінің әкімі Еламан Құлахмет және Қарасу ауылындағы нөмірі жетінші бастауыш партия ұйымының төрағасы Асылан Садықов қатысты.
 Тыл ардагерлерінің ерлікке толы өмір жолы мен елге сіңірген еңбектері бүгінгі ұрпақ жадында мәңгі сақталмақ.