Қарасу ауылында Жеңіс ескерткіші аумағында тарихи-мәдени орынға, бабалар рухына тағзым, құрмет көрсету мақсатында тазалық жұмыстары жүргізіліп, айналасы қоқыстан тазартылды. "Олар жеңіспен оралды" ескерткіш тақтасына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қызыл кірпішпен жаңартылды. "Ерлер даңқы өшпесін!" Ескерткіші әктеліп, сырланды. Сенбілікке 3 техника, 15 адам тартылып, 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.