Қарасу ауылында 1 Мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні және Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толу мерейтойына арналған мерекелік шеру, концерттік бағдарлама өтті.
Шеруге әкімшілік ұжымы, ұстаздар, оқушылар, мәдениет қызметкерлері және ФАП ұжымы қатысып, әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киді.
Мерекелік концертте әр ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттайтын, елдің бірлігі мен ынтымағын дәріптейтін ән, би, қойылымдар ұйымдастырылып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында ауыл әкімі Еламан Құлахметұлы және мектеп директоры Әділхан Әбдіғалымұлы тұрғындарды мерекемен құттықтап, бірлік пен бейбіт өмірдің маңызын атап өтті.