Хош келдің, Жаңа 2026 жыл!

Хош келдің, Жаңа 2026 жыл!
2025 жылдың 30 желтоқсанында Қарасу ауылында жаңа жылдық мерекелік кеш ұйымдастырылды. Ауыл әкімі Еламан Құлахметұлы барша тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтап, жыл ішінде ауылдың түрлі мәдени-спорттық шараларына, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан азаматтар мен оқушыларды марапаттады. Сондай-ақ, Кештің жақсы өтуіне атсалысып, демеушілік көрсеткен "Асылжан" шаруа қожалығының басшысы Қаржауов Асқарбек Айтмұханұлын және "Хантөре" шаруа қожалығының басшысы Садықов Боранбай Бәкіржанұлын ерекше атап өтіп, ауыл жұртшылығы атынан алғыс білдірді.
Кеш барысында Аман-Су, әкімшілік қызметкерлері және ауыл тұрғындарының қатысуымен ән айтылып, сахналық қойылымдар қойылды. Сонымен қатар, көрермендер арасынан командалық ойындар ойнатылып, белсенді қатысушыларға шағын сыйлықтар табыс етілді.