Қостанай қаласында өткен облыстық Ақсақалдар кеңесінің форумында ауылымыздың үлгілі, көпбалалы Есімхановтар отбасы Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Талғатұлының қолынан арнайы алғыс хат және сертификатпен марапатталды.
"Адал азамат-адал еңбек-адал табыс" жобасы аясында Есімхановтар отбасы еңбекқорлықтың, адал кәсіп, адал еңбектің, ұрпаққа өнегелі тәрбие берудің үлгісі болып отыр.
Отағасы Талғат мал шаруашылығын дамытып, отбасы нәпақасын тапса; жұбайы Жұлдыз мал өнімін үлгіртіп, қымыз, құрт-майын балаларының ауызына тосады. Әулетінің берекесін келтіріп, шаруаларын дөңгелентіп отырған Талғат пен Жұлдызға ағайын-туыс, ауылдастары дән риза.
Үлгілі Есімхановтар отбасына шаруаларына береке, жанұяларына амандық тілейміз!