Еңбек адамы

Еңбек адамы
Еңбек адамы ✅
 Қарапайым да өз ісіне адал еңбек адамы — Жүсіпов Алмас Төлемісұлы. Ол 1983 жылы дүниеге келген.
2014 жылдан бері Жасбуын жалпы білім беретін мектебінде күзетші қызметін атқарып келеді.
 Алмас Төлемісұлы — мектептің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген жауапкершілігі жоғары қызметкер. Күнделікті міндетін ұқыптылықпен орындап, оқу ордасының тәртібі мен қауіпсіздігін сақтауға үлкен үлес қосады. Оның тиянақты жұмысы мен еңбекқорлығы бағаланып, аудандық білім бөлімінен екі мәрте марапат алған.
 Алмас Төлемісұлы — адалдығы мен сабырлылығы, өз ісіне деген құрметі арқылы ұжымға үлгі бола білген жан. Қоғамға, әсіресе білім саласына қажетті еңбектің иесі ретінде оның қызметі — мектеп өмірінің ажырамас бөлігі.
Еңбек адамының еңбегін дәріптеу — баршамыздың міндетіміз.