Еңбек адамы

Еңбек адамы
ЕҢБЕК АДАМЫ
 Еңбек ету- адамзаттың тіршілік көзі, тәрбие бастауы.
Елеулі еңбегімен ілгері басып, өрге озған азаматтардың бірі- Қарасу ауылының тұрғыны, Ғабдылғамит Бәкіржанұлы. . Ол 1960 жылы 1 желтоқсанда Торғай облысы, Аманкелді ауданы, Коммунизм жолы совхозының Чкалов елдімекенінде дүниеге келген. 1967 жылы Чкалов мектебінің табалдырығын алғаш аттап, 1975 жылы Жасбуын орта мектебінде сегізінші сыныпты бітіріп, Арқалық қаласындағңы №1 Шоқан Уәлиханов атындағы мектепте онжылдықты бітірді. 1978-1979 жылы құрылыс училищесінде оқып, 1979-1981 жылдар Совет Армия алынып, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келген соң, Арқалық политехникумын бітіріп, алғашқы жұмысын ПМК құрылыс мекемесінде бастап, Кемер орта мектебінде мұғалім болған.
 1998 жылдан бүгінгі дейін Қарасу ауылы, Жасбуын орта мектебінің директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары болып еңбек етіп келеді.
Отбасында жұбайы Гүлзада Тұрлықызы Жасбуын жалпы орта мектебінде мұғалім, екеуі төрт бала тәрбиелеп, Адай мен Әділ өз алдына отау құрса, қызы Жансаяны құтты орнына қондырған, Асылан мектепте дене тәрбиесінің мұғаілімі.
 Ғабдылғамит мектептің шаруашылығы жұмысын жүргізеді, материалдық құнды заттарды, жиҺаз, мүлікті толғымен сақтапі, қаржы материалдарын тімді жұмсалуына, оқу жылына уақытылы дайындап, оқу кабинеттерін, шеберхана, спортзал, мекеменің мүлкіне, асхана, өмір қауіпсіздік ережесіне сай тамақ беру жұмысын қадағалайды.Мектеп дәлізінен бастап, санитарлық –гигиеналық қалпын, аббаттандыру жұмыстарын, мектеп алдын көгалдандыру , жинауды қадағалап, қарамағындағы және қызмет етуші персоналды жұмыс көлемін береді, жұмысшылардың жұмыс уақытын қадағалап, уақытылы есеп жүргізеді.
 Ғимараттың өрт қауіпсіздігіне ,өрт сөндіру дұрыстығын қадағалайды.
Амангелді аудандық білім бөлімінің "Құрмет" грамотасы; "Қостанай облысы білім қызметкерлерінің кәсіподақ қозғалысына сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен т.б. марапаттары бар.