Қарасу ауылындағы көп балалы ана Досанова Жұлдыз Жұмағазықызы ҚР Президентінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі Жарлығы бойынша "Алтын алқа" алқасымен наградталды.
Жұлдыз Жұмағазықызы - өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап, ел демографиясына елеулі үлес қосып отырған ана.
Ауыл әкімі Еламан Құлахметұлы батыр анаға зор алғыс айтып, анаға амандық, отбасына береке-ырыс тілеп, алқаны табыстады.