24 қыркүйек күні IQostanay оқушылар сарайында республикалық "Еңбек жолы" және "Парыз" байқауларының өңірлік кезеңі жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Қатысушыларды Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Ғизатқызы құттықтады.
Аталған "Еңбек жолы" байқауына Амангелді ауданы, Қарасу ауылынан Утегенова Боранкүл Мырзабекқызы қатысып, "Үздік Еңбек әулеті" номинациясы бойынша жүлделі III орынды иеленді.
Боранкүл Мырзабекқызын жүлделі жеңісімен құттықтай отырып, деніне- саулық, шаңырағына- шаттық, отбасына- амандық тілейміз!