Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!
Қарасу ауылында мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай *1988 жылы туған түлектердің бастамасымен футболдан турнир* ұйымдастырылды.
Ауыл жастары мен әр жылдардағы түлектерден құралған командалар қатысқан бұл жарыс — ауыл арасындағы бірлікті арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
Турнирге жалпы 7 команда қатысып, I орынды 1992 ж туылған түлектер; II орынды "Естай"; III орынды "Тобол" командалары иеленіп, кубоктармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
*Түлектердің ұйымшылдығы — ұрпаққа үлгі!*