Республика күніне орай өткізілген спорттық жарыс

Республика күніне орай өткізілген спорттық жарыс

23 қазан күні Қабырға ауылында мектеп әкімшілігі мен спорт әдіскері Дәуіт Айдарханұлының ұйымдастыруымен Респулика күніне мерекесіне орай ер балалар арасында 3 салмақтан «Қазақша күрес» жарысы ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты ұлттық спорт түрін дамыту және өзара тәжірибе алмасып, жолдастық кездесу болатын. Жарысқа Қабырға, Есір, Үрпек ауылдарының жас палуандары қатынасты. Жарыс соңында жас палуандар арасында «Түйе палуан» атағы сарапқа салынды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен арайы марапаттар табысталды.