Амангелді ауданы, Қабырға ауылы

Амангелді ауданы, Қабырға ауылы
Ауданнан алыстау (60км) орналасқан ауыл болса да, көз ұшынан қызу тіршіліктің табы көрінеді. Өйткені ауыл тұрғындары шаруасын ширатып, тірлігін тындырымды етіп, бірлігі мен берекесін сақтап отырған ағайын. Ауданнан шалғай жатса да жарқын жобалар қолға алынып, ауылдағы ағайынның әлеуметтік жағдайын түзеуге бағытталған шаралар жүргізіліп келе жатқан елді мекен.
Бүгін ауылдағы тарихи оқиға куәгер болдық. Ауылға жас мамандар келіп, тіршілік қайнап жатыр... Ауылдағы Жұматай Сабыржанұлы атындағы білім ордасының 2002 жылғы түлектері ауылға кіреберіс стела орнатты.