Инвесторлардың құқықтарын қорғауға арналған «Прокурорлық сүзгі»

Инвесторлардың құқықтарын қорғауға арналған «Прокурорлық сүзгі»

ҚР Президентінің 2024 жылғы 08 мамырдағы «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау аясында ҚР Бас прокуратурасы 2025 жылғы қаңтардан бастап инвесторларға қатысты заңсыз тексерулер мен өзге де шаралардың жолын кесу мақсатында «Прокурорлық сүзгіні» енгізді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік орган прокурордың келісімінсіз инвесторларды тексеруге, олардың қызметін тоқтата тұруға, лицензияларын кері қайтарып алуға, әкімшілік жазалар мен өзге де шектеулерді қолдануға құқығы жоқ.

Сүзгі инвесторлардың аймақтық және жалпыұлттық пулына кірген инвесторларға ғана қатысты қолданылады және лауазымды тұлғалардың инвесторларға қатысты шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

«Прокурорлық сүзгіні» іске асыру үшін 2025 жылдың қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Азаматтық процестік кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (ӘҚБтК), сондай-ақ Кәсіпкерлік кодексіне заңнамалық өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, Кәсіпкерлік кодекс пен ӘҚБтК-тегі түзетулермен, инвесторларға қатысты тексерулер жүргізу және әкімшілік іс жүргізуді қозғау туралы шешімдер прокурормен келісілгеннен кейін ғана қабылданады деп көзделген.

Келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.

Прокурормен келісу инвесторлар құқықтарының кепілдігі сақталуы және олардың мүдделері бұзылмауы үшін маңызды.

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаменті инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысты тексерулерді тіркеу сатысында жүзеге асырады.

Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау Департаменттің басым бағыттарының бірі болып табылады.

 

#Заңжәнетәртіп

 

ҚР БП Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу Қостанай облысы бойынша

Департаменті бөлімінің прокуроры                                       Жидебаева Ж.А.