Мектеп асханаларында тағамнан уланудың алдын алу.
![Мектеп асханаларында тағамнан уланудың алдын алу.]()
- Тамақтан улануды болдырмау үшін тағамдарды сақтау және дайындаудың бірнеше қарапайым қағидаларын орындау керек:
- қауіпсіз азық-түлік өнімдерін таңдау;
- тамақты дұрыс дайындау;
- тағам дайын болғаннан кейін мүмкіндігі бойынша бірден тамақтану;
- жаңа дайындалған тағамдарды кешегі дайындалған тағамдар қалдықтарымен араластырмау қажет, егерде дайын тағам ертеңгі күнге қалған жағдайда, оны пайдалану алдында мұқият термиялық өндеуден өткізу қажет (қайнату немесе қуыру);
- шикі және піскен азық-түлік өнімдер арасындағы байланысқа жол бермеу;
- жеке бас гигиенасын қатаң түрде сақтау: ас ішер алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен мұқият, жиі жуу;
- қайнатылған, бөтелденген немесе сапалы, таза ауыз суды пайдалану;
- көкөністер мен жемістерді пайдаланар алдында үнемі ағымды сумен жуып пайдалану, ал балаларға қайнатылған сумен жуып беру;
- тез бұзылатын тағам түрлерін және дайын тағамды тоңазытқышта 2-6 С температурада сақтау;
- кремді-кондитерлік өнімдерді жарамдылық мерзімдері өткеннен кейін пайдаланбау;
- үйдегі қоқыстарды және тағам қалдықтарын уақытылы шығару және шыбын, жәндіктерді болдырмау;
- үнемі ас үйді таза ұстау және жеке бас гигиенасын сақтау.
-