Тұқымдарды фитосанитарлық талдау.

Тұқымдарды фитосанитарлық талдау.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларын анықтау үшін - дұрыс диагностикалау, олардың пайда болу себептері мен даму процестерін білу  және қорғау іс-шараларын тиімді жүргізу болып табылады. Тұқымның зақымдануын анықтауда біз  зертхана жағдайында ылғалды камерада, қоректік ортада және сүзгі қағаз орамаларында өнуі арқылы анықтаймыз.Соның нәтижесіңде біз көптеген  әдіспен тұқымдардан негізгі қоздырғыштарды байқаймыз: гельминтоспориоз, альтернариоз, фузариум және тағы басқалары. Тұқымның инфекциясы температура мен ылғалдылықтың күрт өзгеруіне байланысты пісетін және егін жинау кезеңінде болады.

 

Әрқайсына жеке-жеке тоқталып кетейік:

 

 Арпа, бидай, қара бидай, сондай-ақ көпжылдық шөптер мен арамшөптердің кейбір түрлеріне әсер етуші бұл – гельминтоспориоз. Алғашқы белгілері алғашқы жапырақтарында қара қоңыр реңк түрінде пайда болады. Зақымдалған көшеттерде үш тамырдың орнына біреуі дамиды. Кейде аурудың белгілерін  бастапқы және қайталама тамырлардың, қопсыту түйінінің және сабақтың беткі бөлігінің қызаруы мен ыдырауынан көреміз. Өсімдіктер өсу деңгейі нашарлап , артта қалады, өнімді сабақтардың қурап,шіруі байқалады.

Инфекция көзі тұқымның бетінде және қабығының астында, өсімдік қалдықтарында сақталады.

 

Альтернариоз -  көпжылдық дәнді дақылдарды өсірудің барлық аймақтарында жиі кездеседі және нақты географиялық байланысы жоқ, бұл қоршаған ортада қоздырғыштардың кең таралуына байланысты. Патогеннің ерекшеліктері :  альтернариоздың тудыратын қоздырғыштардың барлық түрлері өсу мен дамудың кең ауқымымен ерекшеленеді, өсімдіктерді жұқтыруға және әртүрлі температура мен ылғалдылық деңгейінде тіршілік әрекетін сақтауға қабілетті. Альтернариозының қоздырғыштарының инфекциясының негізгі көзі және тіршілік ету орны- өлі өсімдік қалдықтары, сондай-ақ сау өсімдіктердің тамыр беті. Өсімдіктің әлсіреуімен саңырауқұлақтар өмірлік процестерді паразитизмге тез ауыстырады және аурудың дамуына түрткі болады.

 

Фузариум-Fusarium тұқымдасының саңырауқұлақтары тудыратын саңырауқұлақ ауруы. Ауру өте кең таралған, қауіпті және өсудің кез келген кезеңінде бидайға әсер етуі мүмкін. Олардың ерекшелігі - олар дамудың әртүрлі кезеңдерінде өсімдіктің барлық бөліктеріне әсер етеді:  жапырақтарына және тамырларына. Жапырақтар мен тамырларда фузариуммен инфекциясын егін жинаудан кейінгі қалдықтарда жеміс денелерінде пайда болатын зооспоралармен немесе өсімдік қалдықтарында немесе төменгі жұқтырған жапырақтарда пайда болатын конидиялармен жүреді. Масақтың инфекциясы негізінен бидайдың гүлденуі кезінде жеткілікті ылғалдылық жағдайында және +20°C-тан жоғары температурада жүреді.

 

ҚР АШМ АӨК МИК "Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" РММ Амангелді аудандық филиалы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен және шаруа қожалықтарының басшыларымен бірлесіп жұмыс істейді. Филиал мамандары тұқым материалын фитопатологиялық талдау бойынша жұмыс жүргізеді. Жүргізілген талдау нәтижелерін және тұқымдарды себу алдындағы өңдеу бойынша ұсынымдарды береді.