Облыс әкімінің орынбасары А. Әбенов Амангелді ауданының шаруа құрылым басшыларымен жүздесті

Облыс әкімінің орынбасары А. Әбенов Амангелді ауданының шаруа құрылым басшыларымен жүздесті

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде облыс әкімінің орынбасары Әбенов Арман Тарғынұлы іс сапармен Амангелді ауданына келді. Іс сапар барысында егін жинау барысын қарап, шаруа құрылым басшыларымен жүздесті. Ауа райы қолайлы жағдайда егін жинау жұмыстарын дер кезінде аяқтап, ең әуелі келер жылғы егістікке тұқым құйып алу қажеттігін ескерді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына арналған «Кең Дала 2» бағдарламасы арқылы тиімді несие алып, агртехнологиялық шараларды қолданып, минералды тыңайтқыштарды енгізу қажеттігін атап өтті.