Жыл сайын темекі 6 миллионға жуық өлім жағдайларына әкеп соғады, оның 600 мыңы - темекі түтінінің қайталама әсеріне ұшыраған, темекі тартпайтын адамдар.
Электрондық темекілер қарапайым темекі секілді зиянды. Оның негізгі құрамбөліктері никотиннен басқа, глицерині бар немесе жоқ пропиленгликоль және хош иістендіргіштер болып табылады. Зерттеулер электрондық темекінің темекі түтіні буының құрамында формальдегид, ацетальдегид, карбол қосындылары, ауыр металдар (қалайы, мыс, хром, никель мен басқалары) секілді химиялық заттардың бар екендігін көрсетті.
Электрондық темекі дегеніміз – бұл құрамында сұйық ерітіндісі бар және никотинді жеткізудің электрондық жүйелеріне жататын, алынбалы картриджі бар құрылғы.
Электрондық темекі құрамындағы никотин тез сіңіп, 8 секундтан соң бас миына келіп түседі. Сонымен қатар, ол қантамырлардың тарылуына септігін тигізеді, ең алдымен, жүрек-қан тамыр ауруларының (инсульт, инфаркт) пайда болуына жағдай жасай отыра, барлық мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі нашарлайды.
Жүкті әйел ағзасының құрамындағы никотин өздігінен болатын түсік пен мерзімінен бұрын босану қаупін арттырады, сондай-ақ, нәрестеге оттектің жетіспеуіне жағдай жасайды. Никотин жасушалардың мутациясын тудырады және кейінгі ұрпақтарда бұл мутациялардың саны тек ұлғая түседі.
Электрондық темекілердің құрамындағы химиялық заттар қатерлі ісіктің пайда болуына жағдай жасайды, құрамында уытты заттардың болуы салдарынан электрондық темекілердің темекі түтіні айналадағы адамдар, әсіресе балалар үшін қауіпті. Электрондық темекі тарту кезіндегі психологиялық тәуелділік қаупі темекі өнімдеріндегідей ұқсас болып келеді.
Ғалымдар электрондық темекілердің спирт, глицерин мен пропиленгликоль атты буланғыш сұйықтықтар секілді үш негізгі құрамбөліктердің термиялық ыдырауы нәтижесінде туындайтын, көз бен өкпені тітіркендіретін канцерогендердің көп мөлшерін шығаратынын дәлелдеді. Олар электрондық темекілер жастар арасындағы темекі індетін әлсіретпей, асқындырады деген шешімге келді.