Құрметті Амангелді ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Амангелді  ауданының тұрғындары мен қонақтары!
2024 жылғы 20 маусымда
Амангелді ауданы «Аман-Су» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағында сағат 14.00-ден 19.00-ге дейін Амангелді аудандық терроризмге қарсы жедел штабымен терроризмге қарсы жаттығулар өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын пысықтау, сондай-ақ терроризмнің зардаптарын барынша азайту және жою болып табылады.
Өткізілетін іс-шараларға байланысты Мамбетова, Қасымов, Бадамбаев, Байтұрсынов көшелеріне шектеу шаралары көзделген.
Азаматтардан сабырлы болуды және оқу-жаттығуларға тартылған құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз,сондай-ақ жақын арада осы учаскеде болудан және қозғалудан бас тартуды сұраймыз.