«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»

Мемлекет басшысы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы, барлық қызмет салалары бойынша халықтың пікірін барынша ескеру керектігін атап өтті.

Бұл ретте Президент мемлекеттік аппарат қызметіндегі проблемалар көп жағдайда азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер арасында жергілікті жерлерде жөнге салынған өзара іс-қимылдың болмауына байланысты екендігіне назар аударды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) «Тыңдау» бірегей жобасын (бұдан әрі - Жоба) іске қосты, оның шеңберінде әрбір азамат мемлекеттік қызметтерді жетілдірудің қатысушысы бола алады және қолжетімді цифрлық мемлекет құруға өз үлесін қоса алады.

Оған қатысу үшін tyndau.kz сілтемесі бойынша онлайн-сауалнамада барлығын белгілей отырып, электрондық қызметті алу және осы үдерістің әрбір қадамын бағалау қажет.

Өз кезегінде, Агенттіктің аталған жоба бойынша негізгі мақсаты-тар жерлерді анықтау, құрылымдық кері байланыс алу, оның базасында талдау жүргізіледі және мемлекеттік органдарға қажетсіз қадамдарды жою, халықтың мемлекеттік қызметтерді алу процестерін жеңілдету бойынша нақты ұсыныстар әзірленетін болады.

Бұдан әрі электрондық қызметтер бойынша тиісті материалдардың жиналуына қарай азаматтардың ұсыныстары мүдделі органдармен бірлесіп, көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ете отырып, пысықталатын болады.

 

Амангелді ауданы  бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы