Амангелді ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша семинар өткізу туралы ақпарат

Амангелді ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша семинар өткізу туралы ақпарат

2017 жылдың 12 сәуірінде Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарық көрді. Аудармада сөз тіркесі «духовная модернизация» дегенді білдіреді. Оның мақсаты - қазақстандықтарды қазіргі әлемдегі рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағыттау.

«Рухани жаңғыру» бірнеше жобаларды қамтиды: «кіші отаның» дамытуға бағытталған «Туған жер»; «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы қасиетті жерлер туралы мәліметтер жинайды; «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы шетелдіктерді көшпелі халықтардың мәдениетімен таныстырады; әлемдік кеңістікке кіруге мүмкіндік беретін «Латын әліпбиіне көшу»; «100 жаңа есім» дарынды қазақстандықтар туралы және әлеуметтік-гуманитарлық саланың жетекші оқулықтарының аудармаларын қамтитын «100 жаңа оқулық».

23 маусым күні Амангелді ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың жүйелі тәсілі Әлеуметтік инновацияларды енгізу» тақырыбында жауапты мамандар үшін әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың спикерлері: «Ruhani zhangyru» жобалық кеңсесі» ЖШС директоры - Әбдібеков Нұрбек Елікбайұлы және «Sanaly Urpaq - 2050» ҚҚ төрағасы, SMM маманы - Манасбаев Серік Шотбайұлы.

Семинардың бірінші бөлімінде қатысушылар «Рухани жаңғыру бағдарламасының тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында дәрісті тыңдады. Семинардың екінші бөлімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ақпараттық сүйемелдеу» тақырыбында өтті.

Семинар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың жүйелі тәсіліне және кәсіби мамандар мен бағдарлама идеологтарын даярлауда, олардың үздіксіз дамуына бастау берді, бұл оның әрі қарай табысты іске асырылуының кепілі болып табылады.