Туляремия және оның алдын алу!

Туляремия және оның алдын алу!

Туляремия- лимфа жүйесінің, тері шырышты қабық және ішкі ағзалардың зақымдануымен өтетін жедел жұқпалы,табиғи ошақты ауру.

Ауру қоздырғышы- Francisell tularensis деп аталатын өте ұсақ бактерия.

Жұғу көзі- жабайы кеміргіштер, соның ішінде су және қарапайым сұр тышқандар, үй тышқандары, аламандар, қояндар,тазартылмаған ауыз су, зақымданған тамақтар арқылы жұғуы мүмкін.

Тасымалдаушылар- қан сорғыш буынаяқтылар,соның ішінде иксод кенелері және кейбір масалар мен соналар. Адамдар бұл дертті ауырған кеміргіштерден, жәндіктер шаққанда,нашар суларды пайдаланғанда жұқтыруы мүмкін. Адам ағзасына ауру қоздырғыштары тері мен сілекей қабыршық арқылы, тіпті жарақаттанбаған күйінде де өтіп кете алады.  Аурудың жасырын кезеңі орташа 3-7 күн болып келеді, кейде 12 күн өткен соң білінеді, сол мерзім өткен соң аурудың дене қызуы кенет 38-40 гадусқа дейін көтеріледі, басы қатты ауырып, айналады, құсу пайда болады. Аяқ, арқа, бел бұлшық еттері қақсап ауырып, қалтырау,тоңу сияқты белгілер пайда болып, жақ асты, мойын, қолтық, шап бездері ісініп, құрғақ жөтел басталады. Туляремия ауруы адамнан адамға жұқпайды.

Туляремия ауруы бірнеше турлермен белгілі болады: тері-бубонды форма, жара-бубонды форма,көздің- бубонды формасы, тамақтың-бубонды формасы, кеудедегі –бубонды форма, абдоминальная/ іш шектің-бубонды формалары. Туляремия ауруының басты белгілері – әртүрлі лимфа бездерінің /  ұлғаюы, яғни, көлемі ас бұршағынан грек жаңғағының көлеміне дейін жетеді.

Аурудың алдын алу шараларының ең тиімдісі -адамдарды жаппай егу болып табылады. Екпе шаралары жеңіл және еш ауырсынусыз өтеді. Егілгеннен кейін 2-3 апта өткен соң, адамда ауруға қарсы 5 жыл бойы иммунитет пайда болады, ауырмайды. Әрбір 5 жыл сайын екпені қайталап отыру керек. Аурудың алдын алуда жеке бас тазалығын сақтау өте маңызды, сапалы су пайдалану, азық-түліктерді зиянкесті кеміргіштерден қорғау болып табылады. Елді мекендердегі үйлердің, қора қопсылардың маңайларын қоқыс қалдықтарынан тазалап отыру керек. Мал бағып, далада жүргенде  денеңізге  кене жабысса, өз бетіңізбен әрекет жасамаңыз, онда кенені алып тастау үшін  емханаға барып көрініңіз! 

Сіздің денсаулығыңыз, сіздің қолыңызда !

 

 

«Амангелді аудандық

санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

басқармасы» РММ   жетекші маман                                                         Култай Ахметова