ТЫРЫСҚАҚ /Холера/

ТЫРЫСҚАҚ  /Холера/

Тырысқақ /холера/ -ауыз арқылы берілетін жіті ішек жұқпасы. Бұл ауруға іштің жиі өтуі, құсық және ағзадағы судың, минералды тұздардың тез арада  бөлінуімен сипатталады. Санитариялық ережелерге сәйкес, бұл ауру карантиндік жұқпалар санатына  жатады. Аурудың негізгі көзі -  ауру адам немесе вибрион тасушы болып есептеледі. Ауру адам аурудың алғашқы күндері өте қауіпті. Осы күндері аурудың дәреті мен құсықтарында  аурудың  қоздырғыштары /вибрион/ аса көп көлемде сыртқы ортаға шығады. Ауру жазыла бастағанда, қоздырғыштарында  бөлінуі азая бастайды. 3-ші аптаның аяғына қарай ауру қоздырғыштардан толық айығады. Кейбір жағдайдаларда қоздырғыштар адам ағзасында 1 жылға дейін сақталады.

Аурудың берілу жолы: ауыз арқылы және оның берілуі тұрмыстық  факторлар,   /кір қол, қолданыстағы үй заттары, дұрыс жуылмаған жемістер  т.б/ су, тағамдар. Басты фактор-су.Тырысқақ вирусы адам ағзасына суға түскенде суды жұту арқылы түседі және де дұрыс тасымалданбаған, сақталмаған тағам өнімдері арқылы беріледі.  Эпидемиологиялық жағдай қазіргі уақытта тұрақты. Қазақстанда тырысқақ ауруы соңғы рет 1993,1997 жылдары тіркелген. Ауру негізнен Оңтүстүк және Оңтүстүк –Шығыс Азия елдерінен таралады. Оны елге осы елге барған туристер, шеттен келген қонақтар, қоныс аударушылар әкелуі мүмкін.

Аурудың  белгілері: Аурудың жасырын мерзімі бірнеше сағаттан 5 күнге дейін. Аурудың негізгі ерекшелігі  кенеттен ,түнгі, таңғы мезгілде басталуы мүмкін. Ауру тез өршіп іштің өтуі тәулігіне 10 және одан да көп болады. Дәрет өте сұйық су сияқты өтеді және оның басқа іш жұқпаларынан айырмашылығы жағымсыз иісі болмайды. Алғашқыда құсықта тамақтың қалдықтары  өт аралас болады, кейінен су, дәреттің түрі пісірілген күріштің суы сияқты түрге айналады.

 Бұл осы аурудың негізгі белгілерінің бірі болып саналады. Тез арада жалпы әлсіздік, ауыз қуысының кебуі, шөл пайда болады, тәбет жоғалады. Құсу іш өтуден бірнеше сағаттан кейін, кейде 1-2 тәуліктің аяғына қарай басталады. Адам ағзасындағы тұздардың /Na, Cl/ тез азаюына байланысты аурудың жағдайы төмендей бастайды, әлсірейді. Аяқ, қолдардың бұлшық еттері тартылады. Бас айналып, бұлшық еттері әлсірейді. Бұл аурудың басқа іш жұқпаларынан ерекшелігі іш ауырмайды. Дене қызуы көтерілмейді, қайта ағзадағы сұйықтықтар мен тұздардың көп жоғалуына байланысты қызу төмендейді. Ауруда жүректің соғуы жиілеп, қан қысымы төмендейді. Осыған байланысты ауру жеңіл, орташа және жасырын түрде өтуі мүмкін.

          Аудан аумағында карантиндік және аса-қауіпті инфекцияларды, оның ішінде тырысқақ тіркелген жағдайда хабардар етудің сызбасы аудан әкімімен бекітіліп, кешенді жоспарларына және оларға берілген қосымшаларына жыл сайын түзетулер енгізіліп отырылады. Жеке қорғаныш киімдерімен қамтылған. Биылғы жылғы қардың және тасқын сулардың көп мөлшерде келуімен бүкіл елді мекендерді толықтай су алды, соған байланысты жұқпалы аурулармен аса қауіпті аурулардың туындауы мүмкіндігі мол, сондықтан ауыз суды шамадан келгенше тазартып ішу немесе бутылкадағы суды пайдалану қажет. Аурудың алдын алуға қарсы мына төмендегідей шаралар орындалуы керек:

- Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету- бұл шарада аудан аумағында

       жыл сайын мамыр айымен қыркүйек айы аралығында аудан маңындағы  сыртқы ортадан алынатын ашық су көздерінен тырысқақ вибронына зерттелуге алынатын су көздері жатады. Оларға суға түсетін өзендерден Амангелді селосынан Жалдама өзені,Урпек өзені,Амантоғай селосы Жалдама өзендері және халықтың ауыз су ретінде пайдаланатын Қарасу селосы Қарасу өзені, Байғабыл өзені мен Қабырға өзендерінен тырысқаққа зерттеулер жүргізіледі. Әрбір он күн салып осы аталған өзендерден кесте бойынша тырысқақ вибронына зерттелуге су алынып отырылады.

- Сарқынды суларды тазарту, олардың өзен, көл, тоған суларын ластаудан қорғау;

-   Елді мекендердің аумағын абаттандыру, күл-қоқыстардан тазарту;

- Халықтың санитарлық біліктілігін арттыру, оларға аса-қауіпті дерттің алдын алу жұмыстарын тұрақты жүргізу,түсіндіру.