Мектептерде ауыз су режимін ұйымдастыру.

Мектептерде ауыз су режимін ұйымдастыру.

Су балалардың ағзасына жағымды әсер етеді. Мектепте ішу режимін ұйымдастыруға қандай талаптар қойылады?

Объектілерде ауыз су режимі ұйымдастырылады. Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объекті басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектілерде болатын барлық уақыты ішінде олардың ауыз суға еркін қолжетімдігі қамтамасыз етіледі. Мектептерде ауыз су режимін ұйымдастыру нысандары:

  1. Стационарлық ауыз су бұрқақтары. Стационарлық ауыз су бұрқақтарының конструктивтік шешімдері судың тік ағынының айналасында биіктігі кемінде он сантиметр болатын шектеу сақинасының болуын көздейді.
  2. Суға арналған кулерлер (диспенсерлер) өндірушінің нұсқаулығына сәйкес тұрақты түрде тазартылады. Су ішу үшін таза ыдыс (шыны, фаянс ыдыс, бір рет қолданылатын стақандар) пайдаланылады.
  3. Жеке шөлмек сыйымдылықты пайдалануға рұқсат етіледі.
  4. Қайнаған ауыз су 3 сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі.

Ауыз су, оның ішінде сыйымдылықтарға (графиндер, шәйнектер, бөшкелер және басқалар) өлшеп-құйылған немесе шөлмектердегі ауыз су сапасы мен қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді. Су тасқыны кезінде инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу ұсынылады.

Бала күннің көп бөлігін сабақта өткізетіндіктен, білім беру ұйымдарында тиісті су ішу режимін ұйымдастыруды қамтамасыз ету өте маңызды.