Педикулез (биттену) туралы не білеміз?

Педикулез (биттену) туралы не білеміз?

Педикулез (биттену) туралы не білеміз?

 

Педикулез  /латын тілінен алғанда, рediculus humanus/- адам биті деген мағынаны білдіреді, биттердің адам денесінде паразиттенуі. Педикулез ауруының  таралуына көп жағдайда әлеуметтік факторлар әсер етеді. Ауру ошақтарының пайда болуы-  жеке бас гигиенасының қарапайым ережелерін сақтамау салдарынан пайда болады. Бит -бөртпе сүзек, қайталама  сүзек  сияқты  қауіпті- жұқпалы аурулардың  жұқтырушысы болып табылады. Бит бастың шаш бөлігінде, әсіресе самайында, желкесінде және төбесінде өмір сүріп, көбейеді. Бит бір адамнан екіншісіне қарым-қатынас кезінде жұғады. Биттердің бірнеше түрлері кездеседі: бастың биті, көйлектегі биті және шаптағы биті.Бастағы және көйлектегі биттер адамға тұрмыстық қарым-қатынас  жағдайында  жұғады ( киім,бас киім, іш киім, тұрмыстық  заттар, тарақ, жұмсақ ойыншықтар т.б.) Шаптағы бит – жыныстық жолымен беріледі.  (төсек орын, киім, т.б.) арқылы таралады.

Педикулездің алдын алу шаралары: негізінен, жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау болып табылады,7 күн сайын суға шомылу, бөтен киімдерді, іш киімдерді, бас киімдерді, тарақтарды және басқа жеке гигиена заттарын пайдалануға тыйым салу, іш киімді жүйелі түрде ауыстыру және жуу, шашты тиянақтап қарау, мектептерде  көктемгі және күзгі балалардың каникулдан келген соң балаларға  медициналық  бақылауды жүргізу,  педикулез жұқпасына күдік болған адамдарға  поликлиникада терапевт немесе дерматолог дәрігерден медициналық қараудан өту қажет. Кілем және жұмсақ жиһаздарды жүйелі түрде шан сорғышпен тазалау, еденді сумен жуу– бұл өте маңызды, себебі, бит бүкіл үйдің ішінде жорғалауы мүмкін.7-10 күн сайын киім-кешек пен төсек-жабдықтарын ауыстырып отыру қажет.

Құрметті аудан тұрғындары! тазалық денсаулық кепілі ,біз соны ұмытпайық, әр қашанда отбасымызда жеке бас гигиенасына ұқыпты болайық!