Тұмауға қарсы егілу басталады

Тұмауға қарсы егілу басталады

Тұмауға қарсы егілу басталады

 

         Ауданымызда тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу  жұмыстары басталды. Жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде тұмау вирустарының және басқа респираторлық вирустардың айналымы белсендіріледі, олар ауа тамшылары арқылы адамнан адамға беріледі. Еске салайық, тұмау мен ЖРВИ халықтың жұқпалы аурушаңдық деңгейіне ең көп үлес қосатын кең таралған жұқпалы аурулардың бірі болып табылады.
Тұмауға қарсы вакцинация халық арасында осы инфекциядан болатын аурушаңдық пен өлімді азайтудың ең қауіпсіз және тиімді әдісі болып табылады.
Сондықтан, тұмауға қарсы вакцинация жыл сайын тұмау мен ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуіне дейін  ұсынылады, өйткені тұмауға қарсы вакцинациядан кейінгі иммунитеттің қалыптасу кезеңі әдетте екі аптаға жуық, ал одан кейінгі кезеңнің ұзақтығы. тұмаудан вакцинациядан қорғауы 6- 12 айға дейін болады.

Амангелді ауданы бойынша 2023-2024 жылғы эпидемиологиялық маусымында тұмауға қарсы вакцинацияны өткізу үшін халықтың неғұрлым «осал» топтары:

- медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын  алты айдан асқан жиі ауыратын балалар,

- жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде жүкті әйелдер,

- медицина қызметкерлері,

- жүрек -тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдар, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялауға жатқызылатын адамдардың  саны анықталып, 1570 адамға екпе жүргізу  жоспарланды.

         Екпе егу жұмыстары 1 қазаннан басталады.

Жоғарыдағы көрсетілген топтарға кірмей қалған тұлғалар ақылы түрде екпе алдыруларына болады.

 

 

 

«Амангелді аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі