Адамдардың көпшілігі уақыттың едәуір бөлігін жұмыста өткізеді және денсаулыққа зиян келтіретін жазатайым оқиғалардың көп бөлігі сол жерде болады. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде алынған барлық жарақаттар өндірістік жарақат ұғымын айқындайды.
Өндірістік жарақат – бұл жұмысшылардың өндірісте алған жарақаттары және әдетте еңбекті қорғау талаптарын сақтамау салдарынан болады.
Өндірістегі жарақаттануды азайту үшін кәсіпорында еңбекті қорғауды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек процесі ұйымдастырылуы керек. Жарақаттанудың алдын алуда техника мәселелерін насихаттау, әрбір өндірістік учаскеде қауіпсіз жұмысты ұйымдастырудың жаңа, озық әдістерін енгізу маңызды рөл атқарады. Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен ауруларды толығымен жоятын деңгейде жұмыс орындарын, өндірістік және технологиялық тәртіпті сақтау қажет.
Сондай-ақ өндірістік жарақаттануды азайту үшін жұмыс кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажет. Қажет болған жағдайда санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жеке қорғану құралдарын пайдалану.
Бұдан басқа, медициналық-профилактикалық іс-шараларға жыл сайынғы профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізу, емдік-профилактикалық тамақтандырумен, санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету кіреді.