2023-2024 жж жылыту маусымына дайындық және жылу қазандықтарына дайындық құжаттарын беру

2023-2024 жж жылыту маусымына дайындық және  жылу қазандықтарына дайындық құжаттарын беру

2023-2024жж жылыту маусымына дайындық мақсатында “Аман Су” МКМ-нің орталықтандырылған жылу желілеріне және Амангелді аудандық ауруханасының жылу қазандықтарына дайындық құжаттарын беру үшін  комиссия құрамдарымен тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында жылу қазандықтарында өрт сөндіргіш құралдарының болуы, жылыту маусымына жағатын қатты отынның болуы, бу қазандықтарының жағдайы, насостар мен электр жүйелерінің жағдайы тексерілді.

Тексеру нәтижесі бойынша анықталған ақаулар мен кемшіліктерді қайта қалпына келтіруге нұсқаулық берілді. Алдағы уақытта білім нысандары мен әлеуметтік нысандары тексерілетін болады.