ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ҰЛЫ – СҰЛТАН БЕЙБАРЫС

ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ҰЛЫ – СҰЛТАН БЕЙБАРЫС
ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ҰЛЫ – СҰЛТАН БЕЙБАРЫС
Биыл қазақтың көрнекті өкілі, аты аңызға айналған қолбасшы және Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының тумасы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Осынау екі елге ортақ тұлғаны Мысыр мен Қазақстан бірдей ұлықтап, бұл мерейтойды лайықты атап өтуге әзірлік жасап жатыр.
Осы орайда, 2023 жылдағы ерекше айтулы күндердің бірі Сұлтан Бейбарыс бабамыздың 800 жылдық мерейтойы қарсаңында жерлесіміз меценат, жиһангер Сапар Ысқақов өзінің демеушілігімен ауданның солтүстік кіре беріс бағытынан 20х20-400 м2 жерге ескерткіш тұрғызғысы келетіні жөнінде аудан әкімі Талғат Карбозовқа ұсыныс білдірген болатын. Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы шеңберінде бүгінде ойлы да кемеңгер мемлекет қайраткері, батыр да жігерлі қолбасшының құрметіне арналған 45.000 млн. теңгені құрайтын ескерткіштің құрылыс жұмыстары бастау алды. Сапар Ысқақұлы қолбасшының топырағын алып келіп, аудан әкімі Талғат Карбозовпен бірлесе отырып ескерткіштің астынғы бөлігіне орыналастырып, фундаменті құйылды.
Аталған ескерткіштің ашылуы Амангелді Үдербайұлы Имановтың 150 жылдығы, Амангелді ауданының 95 жылдығы және Сұлтан Бейбарыс бабамыздың 800 жылдық мерейтойына қарсаңында қыркүйек айына жоспарланып отыр. Бұл сәт аудан тарихында алтын әріппен қалатыны сөзсіз.